
Кәсіподақ ұйымдары бас қосты
Жуырда университетіміздің бастауыш кәсіподақ қоғамдық ұйымының төрайымы Гүлнұр Зарлықова Қостанай қаласында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, студенттердің кәсіподақ ұйымдарының Республикалық форумына қатысып келді. Және ол осы жиында Республикалық Жастар кәсіподақ кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Екі күнге созылған форумға кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері жан жақтан жиналы. Бұл басқосуда әр қатысушы өздерінің кәсіподақ ұйымдарын, атқарған жұмыстарын таныстырып, өзара тәжірибе алмасты.
«Форум өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Менің Отаным-менің Қазақстаным» атты көрмені тамашалау барысында көп нәрсені жадымызға түйдік. Сондай-ақ, «Нақты жоспар. Президентпен бірге 100 қадам» тақырыбында өткен семинар қатысушыларға үлкен сабақ болды. Форум барысында қатысушыларға RnB форматында дискотека өткізілді», - дейді Гүлнұр Мұханбетжанқызы өз әсерімен бөлісіп. Гүлнұрды Республикалық Жастар кәсіподақ кеңесінің мүшелілігіне қабылдануымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Жадыра Арен