Үздік кәсіподақ көшбасшысы 2015
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының ұйымдастыруымен 10 қазанда «Үздік кәсіподақ көшбасшы-2015» байқауы өткізілді.
Облыстық кәсіподақ комитеті қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістерден шет қалмай ұстаздар қауымымен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік, әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымның жұмысының пәрменді болуы оны басқарып отырған көшбасшысына байланысты екені сөзсіз. Осы мақсатта кәсіподақ көшбасшыларының жұмысын көрсету, тәжірибе алмасу және өзін әр қырынан көрсету үшін өткізілді.
Байқауға бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан тоғыз төраға қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен таныстыру, екінші қолданыстағы заңнамалер мен ситуациялық сұрақтарға жауап беру және қатысушы өз өнерін көрсету болатын.
Байқау қортындысы бойынша Қызылорда қаласының №2 «Мұрагер» мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қаламбаев Асылхан жеңімпаз атанып, республикалық байқауға жолдама алды.
-
Фотографии
-