
«Ұстаз – ұлағатты есім»
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті» филиалымен Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шарағазейнеткер – ұстаздар Ә.Молдашев, А.Бахитов, Б.Жұмалиев, С.Қапашев, Б.Бекешовтар қатынасты.
З.Есжанова атындағы балалар саз мектебінің мұғалімдеріконцерттік бағдарламамен шара қонақтарын қуантты.
3 қазан күні Ақжайық селосында тұратын 80 және 75 жасқа толып отырған зейнеткер ұстаздар Олжабай Жұмақұлов пен Қуаныш Нұралинге«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының Махамбет аудандық комитеті» филиалының төрағасы И.Алмурзина құттықтап, гүл шоқтарын мен сыйлықтар табыс етті.