2015 жылығы 13 мамыр күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді
Кеңейтілген мәжіліске облыстық кәсіподақ комитетінің мүшелері, облыстық тексеру комиссиясының төрайымы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі облыстық қоғамдық байқаудың жеңімпаздары болып танылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторлар, облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары шақырылды. Мәжіліске Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Ғ.Ақбердиев, облыстық білім бөлімінің бас маманы Қ.Арап қатысты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің кеңейтілген мәжілісін білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің төрағасы Шалқар Әшірбек Қиянтайұлыашып, жүргізіп отырды.
Облыстық кәсіподақ комитеті мәжілісінің күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы арсындағы 2015-2017 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімді жүзеге асыру жөніндегі міндеттер туралы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі Салалық кеңесінің 10.04.2015 жылғы № 2 т.2 қаулысын іске асыру туралы.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті бірлесіп өткізген облыс білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық байқаудың қорытындылары туралы.
3. Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы
Бірінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов баяндама жасады. Баяндаманы талқылауға жарыссөзде сөйлгендер: облыстық білім басқармасының бас маманы Қ.Арап, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Полатбеков, мемлекеттік еңбек инспекторы Ғ.Ақбердиев, Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Әмзеева.
Қаралған мәселе бойынша қаулы қабылданды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің пленумында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті бірлесіп өткізген облыс білім беру ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық байқаудың қорытындылары жария етіліп, байқау жеңімпаздары марапатталды. Номинациялар бойынша жеімпаздарға Дипломдар мен ақшалай сыйлықтарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Шалқар, Келес аймақтық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Қырғызәлиев, Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Әсілбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы Қ.Арап, мемлекеттік еңбек инспекторы Ғ.Ақбердиев тапсырды. Мәжілісте еңбек ардагерлері Б.Қырғызәлиевке және Ә.Ботаевқа Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медальдері тапсырылды.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы мәселе қаралып, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбековтың есебі тыңдалды. Аудандық кәсіподақ комитетінің еңбек дауларын шешу, оларды болдырмау және алдын алу жөнінде атқарылған оң жұмыстары және кемшіліктер кездесетіні де атап көрсетілді.
-
Фотографии
-