Қызылорда облысы білім қызметкерлерінің өнер фестивалі
Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өтуіне орай. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын насихаттау аясындағы Қызылорда облысы білім қызметкерлерінің өнер фестивалі ұйымдастырылды.
Фестиваль барлық аудан орталықтарында төмендегі кесте бойынша өтті.
Арал ауданында 30.04.2015 сағат 11-00
Қазалы ауданында 30.04.2015 сағат 17-00
Қармақшы ауданында 01.05.2015 сағат 12-00
Жалағаш ауданында 01.05.2015 сағат 16-00
Сырдария ауданында 01.05.2015 сағат 19-00
Жаңақорған ауданында 02.05.2015 сағат 11-00
Шиелі ауданында 02.05.2015 сағат 16-00
Бұл фестивальде жеке дауысты әншіден бастап, үлкен құрамдағы хорға дейін, жеке музыкалық аспапта орындаудан бастап, үлкен құрамдағы түрлі оркестрлерге дейін және көркемсөз оқу, өлең оқу, қолөнер көрмесі және басқа да жанрлар қамтылған.
Атап айтар болсақ, Арал ауданы №73 мектебінің мұғалімі Жаңалықов Ерболат «Ауылым-әнім» әнімен, Қазалы ауданынан «Қорқыт сазы» фольклорлық ансамблі, жетекшісі ҚР композиторлар Одағының мұшесі Әліш Сәукен.
Сырдария ауданының №37 Шаған мектебінің хор ұжымы, Сәдуақасовтар, Сарыбаевтар жанұялық ансамблі, Қармақшы ауданының 25 жыл бұрын ардагер-ұстаздардан құрылған Әжелер ансамблі, вокалдық топ жетекшісі Бижанов Нағашыбек, бишілер тобы, Жаңақорған ауданының «Бесарық» өнер мектебінің джаз квартеті, Қызылорда қаласының отбасылық дуэті Ерниязова Айнұр, Сәндібек Шапағат, Шиелі ауданының №50 орта мектеп ұстаздарының хор ұжымы, №№46,50 мектептерінің «Алтынай» бишілер тобы және Қызылорда қаласының бишілері.
Ұлттық өнердің өрлеуіне қосқан үлесі үшін ұжымдық қатысуды қамтамасыз еткен білім ордаларының басшыларына, кәсіподақ белсенділеріне, көркемөнерпаз жетекшілеріне, концертке қатысушыларға білім басқармасымен кәсіподақ комитетінің, аудан әкімдерінің алғыс хаттары тапсырылды.
-
Фотографии
-