.jpg)
"Қазіргі қоғамда Кәсіподақ ұйымын тиімді басқару" тақырыбында жаңадан сайланған кәсіподақ көшбасшыларына семинар өткізілді.
Қызылорда облыстық білім және ғылым, денсаулық сақтау,мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподақтарының бірлесуімен Арал ауданында орналасқан «Қамбаш» балалар сауықтыру орталығында сәуір айының 23-24 күндері жаңадан сайланған кәсіподақ көшбасшыларына арналған семинар-трениг өткізілді.
Семинарға облыс аумағынан, қаладан, аудандардан, ауылдардан 112 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты. Соның ішінде 75 білім және ғылым қызметкерлері, яғни жалпы орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен қамтылды.
Екі күндік семинар бағдарламасында «ҚР Кәсіптік одақтар туралы» заңының қолданылуы жөнінде Р.М.Байназарова - білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподағының төрайымы, «Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру» және «Жазбаша және ауызша өтініштер қарау тәртібі» Г.Б.Ескалиева-білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төраға орынбасары, «ҚР Еңбек кодексінің қолданылу тәртібі» Т.Ш.Жанұзақұлы-Қызылорда облысы бойынша еңбек саласын бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы, «Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу», «Жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау» Н.С.Утегенова-білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподағының заңгері баяндама жасап көпшіліктің сұрақтарына тиісті жауаптар берді. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушылары Г.Ә.Амзеева және Ә.М.Өмірзақова «Эмоциялық қалыпты реттеу» тақырыбында тренинг жүргізді.Тренинг барысында түрлі тапсырмалар беріліп, өздерін мықты және жан-жақты кәсіподақ көшбасшылыры ретінде әр қырынан көрсете білді.Бұл семинардың өзгешелігі-
Біріншіден, тәжірибе алмасу мақсатында көп жылдан бері қызмет атқарған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары жұмыстарын видеоролик, слайд түрінде дайындап және фотоальбом жинақтарымен бөлісті. Атап айтар болсақ:
- Есқожа Шарыгүл- Қармақшы ауданы №99 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, кәсіподақтағы қызметі 22 жыл;
- Оразымбетов Асылхан - Шиелі ауданы №251 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, кәсіподақтағы қызметі 17 жыл;
- Жанаева Айнагүл - Арал ауданы №57 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, кәсіподақтағы қызметі 15 жыл;
- Ибадуллаева Мария- Қызылорда қаласы №23 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, кәсіподақтағы қызметі 13 жыл;
-Күдебай Тәжмұрат - Қазалы аудандық ән-әуез мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, кәсіподақтағы қызметі 9 жыл.
Осындай мол тәжірибелерін ортаға салып, өздерінің ұзақ уақыт бойы көпшіліктің ойынан шығып, кәсіподақ қызметін қалай жандандыру керек екенін жаңадан сайланған көшбасшыларға өз ақыл-кеңестерін берді.
Екіншіден, «Қамбаш» балалар сауықтыру орталығының аумағында кәсіподақтар сенбілігі ұйымдастырылды. Кәсіподақ белсенділері қолдарына күрек саймандар алып, ағаш егіп, су тасып, көгалдандыру жұмыстарымен айналысты.
«Қамбаш» балалар сауықтыру орталығының асханасында 4 мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылды. Ас мәзіріне Қамбаш көлінің дәмді балықтарынан жасалған тағамдар ұсынылды.
Семинар бағдарламасының әр минуты, сағаты нақты жоспарланып қатысушылардың зерігуіне бос уақыт қалдырылмады. Кешкі астан кейін кәсіподақ көшбасшыларына арнап танысу кеші ұйымдастырылып, осы жерде де өздерінің белсенділіктерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салып, түрлі ойындар ұйымдастырып және соңы қызу биге ұласты.
Жаңадан сайланған кәсіподақ көшбасшыларына жұмыс барысында кездесетін мәселелерді шешуге жеңілдік болу үшін 8 түрлі әдістемелік құралдар, ҚР Еңбек заңы бойынша сұрақ-жауаптар, ҚР Әкімшілік кодексінен үзінді таратылды.
Семинарды қорытындылау барысында тәжірибе алмасып, өз тапқырлығымен көзге түскен кәсіподақ төрағалары сыйлықтармен марапатталды.
-
Фотографии
-