Жеңіс мерейтойына «Ағаш отырғыз» акциясы
Қосамбеков Ә.Қ. ,
Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық
білім беруқызметкерлерінің кәсіподақұйымының төрағасы
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының орталығы Күршім ауылында 18 сәуірде Ұлы жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай «Республикалық ағаш отырғызу» акциясына арналған митинг өткізілді.
Бұл игі шараға аудан орталығындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары және аудандық кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері - ұстаздар қауымы белсене қатысты.
Н.Островский атындағы № 4 орта мектептің ұжымы «Сарытау» стадионында және мектептің алдындағы алеяда абаттандыру жұмыстарын жасап, ағаш отырғызды. Жеңістің 70 жылдығына арналған аталған шараға ардагер ұстаздар да өз үлестерін қосты. Олар 9 мамырда салтанатты ашылуы жоспарланған «Ұлы Отан соғысы» монументіне оқушылармен бірлесе жеміс ағаштарын отырғызды.
Барлығы 3000 түп қарағай, қайың, терек және жеміс ағаштары отырғызылды.