ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ТӨРАҒА
Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференция жұмысына делегаттар (барлығы 133 адам), Салалық кәсіподақ өкілдері – Ұйымдастыру-кадрлық жұмыстар бөлімінің басшысы Е.Иманбаев және құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы А.Бектабанов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор міндетін уақытша атқарушы Д.Әбілдинов қатысты.
Конференция жұмысының күн тәртібіне сәйкес университеттің кәсіподақ төрағасы Т.Ералиева мен бақылау (ревизиялық) комиссиясының мүшесі А.Жұбандықованың есептік баяндамалары тыңдалды. Одан соң делегаттар университеттің кәсіподақ төрағасын сайлады, ашық дауыс беру нәтижесінде Л.Әділбекова Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы болып сайланды.
Жиында Е.Иманбаев Салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат берді. А.Бектабанов құқықтық қызмет нәтижелерімен, сонымен қатар әлеуметтік әріптестік аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.
Салалық кәсіподақ өкілдері университеттің бір топ қызметкерін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен және «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Конференция соңында Басқарма Төрағасы-Ректор міндетін уақытша атқарушы Д.Әбілдинов университет тарапынан ректордың құттықтау хатын табыстады.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы Т.Ералиеваға оқу ордасында кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыстарын білдіріп, ақ тілектерін жолдады. Жаңа төраға Л.Әділбековаға сәттілік, жемісті жұмыс тіледі.