ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ЖЕҢІМПАЗДАР
Ақтау қаласының Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінің марапаттау салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Салтанатты мерекелік іс-шараға мектеп басшылары мен қалалық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша қатысқан 670 оқушыдан облыстық кезеңге 73 оқушы жолдама алды.
Барлық жүлделі орын жеңімпаздары марапатталып, жеткен жетістіктеріне жылы лебіздер мен ән-күй шырқалды. Жиын соңында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін 13-жүлделі орынмен облыстық кезеңге 1-орын «IT лицей»коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2023» Кубогін иеленсе, 2-орынды Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Н. Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі», 3-орынды «IТ мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі иеленді, әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында «Ең үздік олимпиадалық команда - 2023» жеңімпаз мектептерге Ақтау қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Еңсегенова жүлделі орын иелері мен ұстаздарын жетістіктерімен құттықтай келе, ең үздік олимпиада мектептеріне сыйлық сертификаттарын табысталып, алдағы республика төрінде марапатталуға сәттілік тіледі.
А.Ермағанбетова,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ төрайымы