ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙТЫН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Сыр өңірінде білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Үш жақты құжатқа Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Шермағамбет Мейрамбек, Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова және Салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Гүлнар Есқалиева қол қойды.
Меморандумның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында заңнамалардың, педагогикалық әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету және сала қызметкерлерінің әлеуметтік - экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Тараптар маңызды құжатта өз құзыретіне қатысты сұрақтардың шеңберін анықтап алды. Сонымен қатар ортақ мақсатта жүйелі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алып, тең құқылық, ашықтық және парасаттылық қағидаттары негізінде әрекет етуге келісті.
Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы
-
Фотографии
-