КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ – ҰЖЫМНЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
Алтынай Бейсенбайқызы Ақтау қаласындағы №6 мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы.. «Кәсіподақ ұйымына көпшілік жастар «Алтынай апайымыздай мәртебелі болсақ, қасында жүріп өмір сырлары мен еңбек сырларын үйренсек» деген ниетпен-ақ мүшелікке кіретін сияқты» деп атап өтті мектеп директорының оқу істері бойынша орынбасары Н.Жанаева.
Алтынай Бейсенбайқызын кәсіподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері, сондай-ақ ұжымдық шарт ережелері бойынша сауаттылығын арттыру, келіссөздер жүргізе алу және еңбек дауларында пәтуаға қол жеткізу дағдыларын дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізу тіпті қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіптемесі мен еңбек тәртібі, сондай ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары туралы мәліметтерімен бөлісе отырып, мүшеліктегі әріптестеріне ақыл кеңестерімен бірге, жол көрсетіп отыратын жанкүйер әріптес деп білеміз.
Атақты орыс педагогі В.А.Сухомлинский айтпақшы: «Мұғалімдік мамандығы – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады». Ал осы, мұғалімдікпен қоса, кәсіподақ ұйымының төрайымы болу ұжымның ұйытқысына айналумен бірдей. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқанындай: «Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет». Ал осы қызметтің кәсіподақ ұйымымен үйлескені, нұр үстіне нұр емес пе?
Ермағанбетова Алтынай Бисенбайқызы жақында Алматы қаласында өтетін «Алтын Адам-Человек года» фестивалінің марапаттау салтанатына шақырылып отыр.
Белсенді, іскер, көшбасшы атағына лайық ұлағатты ұстаз Алтынай Бейсенбайқызына сәттілік тілейміз!
А. Шахабаева,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,«№6 жалпы білім беру мектебі» ҚММ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.