МАҢҒЫСТАУДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерісалалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық және Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына «Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу заңдылығымен таныстыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарға облыстық ұйымының төрағасы Т.А.Баймбетова, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы К.Еңсегенова, білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, әдістемелік орталық мамандары қатысты.
Шара аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтарды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж. №533 бұйрығы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұйрыққа енгізілген өзгерістер бойынша нақты ақпараттар берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.
Семинар соңында кәсіподақ ұйымы кез-келген уақытта әдістемелік көмек беруге дайын екені жеткізілді.