БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Маңғыстау облысының, Мұнайлы ауданы бойынша білім беру ұйымдарында қызмет ететін ер мұғалімдер арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Волейбол жарысына 15 команда қатысып, әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Ойын барысында әр команданың жанкүйерлері өз командаларына қолдау көрсетіп отырды.
Жарыс нәтижесінде І орынды N6 ЖББМ командасы, ІІ орынды N8 ЖББМ командасы, ІІІ орынды N1 ЖББМ командасы иеленді.
Сондай-ақ командалар арасынан жекелеген ойыншылар "Үздік ойыншы", "Үздік шабуылшы" және т.б.номинациялар атауына ие болды.
Марапаттау кезінде жүлделі орын алған командалар мен номинация иелеріне Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы бағалы сыйлықтар табыстады.
Р.Текеева,
Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.
-
Фотографии
-