ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДАҒЫ СПОРТ ЖАРЫСЫ
Наурыздың бірінші аптасында 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Мұнайлы ауданы бойынша білім беру ұйымдарында қызмет ететін әйел қызметкерлер арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Жарысқа 17 команда қатысып, қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс нәтижесінде:
І орынды №7 ЖББМ командасы, ІІ орынды Қызылтөбе лицейі командасы, ІІІ орынды №1 ЖББМ командасы иеленді.
Сондай-ақ командалар арасынан жекелеген ойыншылар "Үздік ойыншы", "Үздік қорғаушы" және т.б.номинациялар атауына ие болды.
Марапаттау кезінде жүлделі орын алған командалар мен номинация иелеріне
Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымынан бағалы сыйлықтар табысталды.
Р.Текеева,
Мұнайлы аудандық филиалының төрайымы.
Маңғыстау облысы.
-
Фотографии
-