ТАРБАҒАТАЙ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫС СӘТТЕРІ
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы білім беру қызметкерлерінің Ақжар кәсіподақ ұйымыныңАтқару комитетінің отырысы өтті.Күн тәртібіндекәсіподақ мүшелерін сауықтыру демалысы мен спорттық шаралары ұйымдастыру,қаржылық – шаруашылық жұмысы және құқықтық көмек көрсету туралы айтылып 2023 жылға арналған жоспар талқыланып бекітілді. Қосымша бір қатар мәселелер қаралып, қажетті қаулылар қабылданды.
Атқару комитетінің отырысынан кейін кәсіподақ ұйымының жалпы бастауыш кәсіподақ төрағаларының жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында 2023 жылға арналған жоспар таныстырылды. Алдағы өтетін шараларға тыңғылықты дайындалып қатысатындықтарын төрағалар тілге тиек етті. Тәжірибелі Б.Майлин атындағы мектеп балабақша -кешенінің төрағасы Гаухар Кабденова өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Төрағалар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып жауап алды.
Жиын соңынан бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағаларына 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен ер азаматтар құттықтап сый-сияпат көрсетті.