АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай,әлеуметтік әріпестік біріккен іс-шаралар аясында, Маңғыстау облысының білім басқармасы мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі ардагер ұстаздарды құттықтады.
Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Динара Нағимоллақызы Жұмашева, Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының төрағасы Тарбия Анайбекқызы Баймбетова, Білім беру саласында қажырлы еңбек еткен, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беруде абыройлы қызметтер атқарған, бір топ ардагер ұстаздарды атап айтқанда: Оңай Қалиқызы, Фатима Есенбайқызы, кәсіподақ қозғалысының ардагер көшбасшысы Ольга Кубашевна, Жаңылхан Жұмабайқызы, Жиде Баулыбайқызына алғыс білдіріп құттықтады.
Ардагер ұстаздардың бірі педагогикалық еңбек ардагері, білім басқармасының бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мастаева Ольга Губашевна өз сөзінде Маңғыстау облысының әріптестерімен қызметтерінде кездескен мәселелерді шешудегі атқарылған іс-тәжірибелерінен қысқаша еске алып, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығы туралы атап өтті.
Ардагерлер ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы»
-
Фотографии
-