ӘРІПТЕСІН ЕСКЕ АЛДЫ
9-наурыз күні, Махамбет ауданы Есбол орта мектебінде Атырау облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығы мен «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-і Махамбет аудандық салалық комитетінің төрайымы қызметін атқарған ұстаз Индера Нұрланқызы Алмурзинаны еске алуға арналған «Қалдырған ізің мәңгілік...» атты облыстық турнир болып өтті.
Турнир басында ұстаз Индера Нұрланқызының өмір жолынан естеліктер айтылып, қонақтарға бейнебаян таныстырылды.
Шараның ашылу салтанатында мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Ержан Козыкешов, Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы және отбасы мүшелері сөз сөйледі.
Турнир 2 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде секциялық жұмыстар жұргізілді. Атап айтсақ, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлык колледж арнайы пән оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Армангүл Аскарова «Толық Адам» тұлғасын қалыптастырудағы ұлттық код» тақырыбында шеберлік-сынып тренингі өткізді. Одан әрі Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының «Тұлғаны әлеуметтендіру және психология» бөлімі әдіскері Камшат Шошахова «Өзіңмен өз уәжің үйлесім тапқанда...» (Өзіңе өзің демалыс сыйла, сен өзіңе керексің!) атты ашық сағат өткізді.
2 спорттық кезеңде бойынша «Бес тас» және «Үстел теннисінен» сайыс болды. Жарыс қорытындыланып, жүлдегерлер марапатталды. Есбол орта мектебінің ұжымы Индера Алмурзинаның отбасына ескерткіш сыйлық табыстады.
Шараға облыстық және аудандық салалық кәсіподақ ұйымдары демеушілік көрсетті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы ҚБ баспасөз қызметі.
-
Фотографии
-