«ДЕНСАУЛЫҚ – 2023» СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымында жыл сайын кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын «Денсаулық – 2023» спартакиадасының облыстық білім беру мекемелерінің арасындағы іріктеу кезеңі биыл «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты» ғимаратында өткізілді.
Шараға спардакиаданың бағдарламасына сәйкес, волейбол және үстелді теннис ойындарынан барлығы 8 құрама команда жасақталды. Өткен жылы бес құрама команда ғана қатысса, биыл сегіз құрама команда жарысқа қатысып, бақ сынасты. Нәтижесінде, «Үстел теннис» ойыны бойынша: «Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – гимназия интернаты» І орын, «Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернаты» ІІ орын, «Облыстық отбасы үлгідегі балалар ауылы» ІІІ орын иеленді.
Волейбол ойынынан: «Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп– гимназия интернаты» І орын, «Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернаты» ІІ орын, «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты ІІІ орын алды.
Ал, жалпы командалық есепте жеңіске жеткен «Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – гимназия интернаты» І орын,«Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернаты» ІІ орын, «Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернаты» ІІІорынды иеленіп, спартакиада өз мәресіне жетті.
«Денсаулық – 2023» спартакиадасында «Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернаты» командасының ойыншысы Ақжол Зинатов үстел теннисінен және «Абай атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – гимназия интернаты» командасының ойыншысы Сырым Бердәулет волейболдан үздік ойыншы атанды.
Осы орайда, бекітілген ережеге сәйкес жарыстың ұйымдастырылуы мен құрама командаларды жасақтағаны үшін, «Дарынды балаларға арналған С. Сейфуллин атындағы № 11 облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының» дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қажымұқан Атошевқа алғыс білдіреміз.
Барлық жүлдегерлер және үздік ойыншылар Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ атынан заттай бағалы сыйлықтар мен дипломмен марапатталып, 1 орын жүлдегерлері наурыздың 24 – 25 күндері өткізілетін VII –ші «Денсаулық – 2023» спартакиадасына жолдама алды.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы