САМАР АУДАНДЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛДЫ
«Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «САМАР АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ» құрылып, Әділет департаментінен заңды тұлғаның филиалы ретінде тіркеуден өтті.
Айта кетсек, 2022 жылғы 7 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Көкпекті ауданы құрамынан бөліну арқылы Самар ауданы қайта құрылды.
Самар ауданы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Конференциясында «Самар ауданы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» төрағасы Демесінов Самарқан Демесінұлы сайланды.
Жаңа құрылған ұйымға кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етудегі жұмыста сәттілік тілейміз.