ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай Ақтау қаласы білім бөлімі мен оқу-әдістемелік орталығы мен Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы жалпы білім беру мектептері арасында «Салт-дәстүрім, таусылмайтын байлығым» тақырыбында байқау өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты: әр ұлттың діні мен сеніміне,тұрмыс тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес,ғасырлар бойы жинақталып,халық арасында ұмыт қалған ұлттық дәстүрлер,оның ішінде ұмыт қалған жәдігерлерді насихаттау.
Байқаудың міндеті қатысушылардың өнерлерінің орындалысын талапқа сай бағалау,байқау жеңімпазын анықтау болатын.
Байқауға 10-мұғалім қатысып, өз өнерлерін, тапқырлығы мен шығармашылдығын ортаға салды.
Қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтап, жүлдегерлерге Диплом мен сыйлық сертификаттар табысталды.
1-орынмен Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі А.Бержанова,2-орынмен №19 мектеп-гимназиясының мұғалімі Ж.Иманбаев,3-орынмен ы №3жалпы білім беру мектебінің мүғалімі Л.Әділханова мен №28 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі К. Имашева марапатталды.
Мерекелік іс-шара соңында ұмыт қалып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрміздің құндылығын насихаттау және күнделікті өмірде қолданудың маңыздылығының тәрбиелік мәнін түсіндіруге атсалысқан қатысушыларға алғыс айтылды.
К.Еңсегенова,
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы.