НАУРЫЗ НАҚЫШТАРЫ
Бүгін, 17 наурыз күні, Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз мерекесінің қарсаңында, Жаңаөзен қаласының №21 жалпы білім беретін мектепте «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері» және «Бауырсақ пати» сайыстары өткізілді.
Сайыс мақсаты: қазақ халқының келінге қатысты ежелден келе жатқан салт-дәстүр, қағидаттарын жаңғырту, әр әулеттің ұстанымын, отбасылық құрмет секілді қарым-қатынастардың нығаюына қол жеткізу.
Сайыс ІY-турдан тұрды. Таныстыру, өз өнері,қамыр жаю,сұрақ-жауап. Бас жүлдеге - бастауыш сынып мұғалімі Меруерт Қаржаубаева лайық деп танылды. І-орынға тарих пәні мұғалімі Гүлбахар Таймағамбетова, ІІ және ІІІ-орындарға бастауыш сынып мұғалімдері Әлия,Ақмағамбетова мен Жансая Назарбаевалар ие болды.
Қазақ дастарқанның басты наны бауырсақтың бабын келтіріп дайындауға бағытталған сайысқа әр бірлестіктен 12 ұстаз сынға түсті.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, жаңылпашты жатқа айту, ас үйдегі киім үлгісі.
Бас жүлдені қазақ тілі пәні мұғалімі Камшат.Қаржаубаева иеленсе, І-орынға Мираш Күрсібаева пен Әсемгүл Аймагамбетова, ІІ-орынға Рысхан Жөнелбаева мен Мөлдір Сүгірова, ІІІ-орынға Ұлмекен Амалбаева мен мен Айдана Ізтұрғановалар ие болды.
Жеңімпаз келіндер мен ұстаздарға мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Дина Тұрғанбаева марапаттар мен сыйлықтар демеуші табыстады.
Р. Мұхашева,
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы.