СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жарма ауданы білім бөлімі мен аудандық оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағының жылдық жоспарларына сәйкес Жарма ауданының 95 жылдығына орай аудан педагогтарының арасында ХХІІІ спартакиада өтті.Жарысқа аудан мектептерінің барлық білім беру мекемелері қатысты. Әнұран шырқалып, тартысты дода да басталды.
Спартакиаданың ашылу салтанатында Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р.Ж.Нұрғалиев спортшыларды шараның ашылу салтанатымен құттықтап,білім саласында денешынықтыру мен спортты дамытуға өз үлестерін қосып,спорт түрлерінен оқушылары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген педагогтарға аудан әкімі Ж.Б.Байсабыровтың Құрмет грамоталарын табыс етті.
Білім бөлімінің басшысы Қ.Р.Шаймұратов та өзінің жылы лебізін білдіріп, әріптестеріне жарыста сәттілік тіледі. Спорттың 5 түрінен өткен жарыс тартысты өтті. Стол теннисі,армреслинг,шахмат, тоғызқұмалақ және ерлер, әйелдер командалары валейболдан бақ сынасты. Екі күнге созылған спартакиада нәтижесінде орта мектептер арасындағы бәсекеде командалық есепте жеңіп шыққан Георгиевка орта мектебінің командасы І орынды; Маяковский атындағы орта мектебінің командасы ІІ орынды жеңіп алды. Ал, жүлделі ІІІ орынды Абай атындағы көпсалалы мектеп- гимназиясы иеленді.
Жарыста негізгі мектептердің ұпай сандары бөлек есептеліп,өзара командалық нәтижелері төмендегідей болды.Шар негізгі мектебі І орын, Көшек және Қажыгелді атындағы негізгі мектептері ІІ орындарды иеленсе, ал ІІІ орынды Қаражал негізгі мектебі алды.
Спорттың жеке түрлері бойынша жеңімаздар Жарма ауданы білім бөлімі басшысының және аудандық оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтарымен және арнайы дайындалған кубоктармен марапатталды.
Жарма ауданы оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы
-
Фотографии
-