«ДЕНСАУЛЫҚ – 2023» СПАРТАКИАДАСЫ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің спорт сарайында Білім саласының қызметкерлері арасындағы 7-ші «Денсаулық – 2023» облыстық спартакиадасыөткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы – «Әз – Наурыз!» Ұлттық мейрамымен бірге жыл сайын осы жарысты ұйымдастыру арқылы, барлық білім саласының қызметкерлерін біріктіріп, өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа шақырады!
Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл жарысқа, барлық аудандар мен қалалық және облыстық білім беру мекемелері, колледждар мен жоғарғы оқу орындарында іріктеу кезеңінен өткен, ең үздік деп танылған 18 құрама командалар қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және нығайту, кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттауды басты мақсат еткен VІІ – ші «Денсаулық – 2023» спартакиадасының ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, өз алғысын білдірді.
Келесі сөз кезегінде, БҚО Кәсіподақтар орталығының төрағасы Айгүл Есекенова, БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева жәнеМ.Өтемісов атындағы БҚУ-нің проректоры Түймеш Дәрішеваларжарысқа қатысушы құрама командаларға сәттілік тілеп, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын насихаттауға да қолдау көрсетіп, спартакиаданың осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырғаны туралыөз ойларымен бөлісті.
Ал, Ауған соғысы ардагерлерінің бірлестік төрағасы Ербулат Жумангалиев, облыстық кәсіподақ ұйымы білім саласындағы Ауған соғысына қатысқан ардагер– педагогтар мен қызметкерлерді құрметтеп, әр жыл сайын ақпан айында ұмытпай көңіл бөліп, кездесу шараларын даұйымдастыратыны туралы айтып, зор алғыс білдіріп, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Даупаев Марат Оразалыұлын« ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН БЕЛГІСІМЕН марапаттады.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, Жалпы командалық есепте:«Жүлделі» және «1 орын» алған екі командаға «Ақжайық» шипажайына демалуға тегін 20жолдама, 2-3 орын иеленген командаларға кубок, дипломдар, үстел теннисі және т.б. заттай сыйлықтар табысталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Волейбол ойынынан: 3 орын – Қаратөбе, 2 орын – Жаңақала, 1 орын – № 21 қалалық мектебі құрама командалары, Үстелді теннис ойынынан: 3 орын - № 21 қалалық мектебі, 2 орын – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 1 орын – Казталов аудандық құрама командалары иеленді.
Ал, Жалпы командалық есепте:3 орын – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, 2 орын – Казталов, 1 орын – Жаңақала, Бас жүлде – № 21 қалалық мектебі құрама командалары иемденді.
Әсем ән мен биге ұласқан салтанатты жабылу сәтінен кейін кәсіподақ мүшелері естелік фото суреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Батыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фотографии
-