ЖАРЫС СПОРТШЫҒА АРНАЛДЫ
Х.Досмұхамедов атындағы университеттің «Жайық» спорттық-мәдени дамыту орталығында Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Ғанимат Ақсеріковтың 50 жасына арналған Атырау облысы ұстаздары арасында үстел теннисінен турнир өтті. Турнирдің мақсаты – Атырау облысы ұстаздары мен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты кеңінен дамыту.
Жарыстың ашылу салтанатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Саламат Идрисов, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы, Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басқарма басшысы міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова, университеттің Дене шынықтыру және Бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі профессор Алпысбай Аралбаев және облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Қаршыға Көшеков сөз сөйледі.
Ғ.Аксеріков – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2005 жылдан жұмыс жасайды. 15 ғылыми мақаласы жарық көрген. ҚР БжҒМ-нің Алғыс хатымен, облыстық салалық кәсіподақтар ұйымының Грамотасымен марапатталған. Облыста ұстаздар арасында өткізілетін дәстүрлі спорттық жарыстарды ұйымдастырушылардың бірі, үздік ойыншы.
Жарысқа қатысушылар 4 топта сайысқа түсті. Жарыс қорытындысымен танылған жеңімпаздарға «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің ескерткіш сыйлығы, дипломдар мен ескерткіш медальдары табысталды.
Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы