МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Әлеуметтік әріптестік атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкер арасында жасалатын келісім. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақты дамуының негізі болып табылады. Аталған келісім жұмыскерлер үшін маңызды құжат. Бұл келісім барлық мекемелерде жасалып, қажеттілігіне қарай жұмыскерлердің құқығы мен мүддесін қорғап келеді.
Маңызды құжат бүгінгі күні Жетісу облысының білім басқармасы мен «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ арасында жасалды.
Қос тараптың басшылары А. Адамбекова мен М. Төлепбергенов білім саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеп, мазмұнын және міндеттемелерін анықтап, әлеуметтік әріптестік арасында жасалынған құқықтық актыға қол қойды. Әріптестік арасындағы жасалатын өзара келісім 2023-2026 жылдарға арналды.
Әлеуметтік әріптестік туралы келісім аясында қос мекеме тең дәрежеде комиссия мүшелерін құрды. Алдағы уақытта білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, педагогтардың мәртебесін арттыру жолында бірлесіп жұмыс жасайтындарына уағдаласты.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Алматы облысының білім басқармасы мен облыстық кәсіподақ ұйымының арасында 2021-2023 жылдарға арналған келісім бар. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыстың екіге бөлінуіне байланысты жаңадан құрылған білім басқармасымен әлеуметтік әріптестік туралы келісім жасалып отыр.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар,
ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің
«Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің баспасөз қызметі
-
Фотографии
-