КӘСІПОДАҚ КӨСБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
Абай облысының Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына «Жұмыскерлердің еңбек қатынасындағы құқықтары мен міндеттері» және іс – құжаттардың жүргізілуі туралы оқыту семинары өтті. Кәсіподақ белсенділеріне жұмыскерлердің еңбек қатынасындағы мүдделері, Салалық келісім, ұжымдық шарттың орындалуын қадағалау , жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек дауларын шешу тәсілдері көрнекі құралдар көрсетіліп, түсіндірілді. Еңбек қатынасындағы жұмыскерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері Еңбек Кодексінде белгіленген еңбек тәртібімен қалай реттелетіндігі айтылды. Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында тәжірибеде кездесетін мысалдар келтіріліп , талқыланды.
Семинардың келесі күн тәртібіндегі мәселе бастауыш кәсіподақ ұйымының іс – қағаздары қалай жүргізілуі керектігі туралы болды. Бастауыш кәсіподақ ұйымында қандай номенклатуралық құжаттар болуы керек екендігі жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымының басшыларына жан жақты түсіндіріліп, методикалық көмек көрсетіліп, ақпараттық құралдар таратылды. Семинар соңында бастауыш кәсіподақ ұйымында ұзақ жылдар белсенді жұмыс атқарып , әлеуметтік әріптестікті нығайтуға үлес қосқаны үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен және Грамоталармен, сондай ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.
С.Ахметқалиев,
Абай облысы Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы
-
Фотографии
-