ОРАЛДА «ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Қ. Мырзалиев атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қадыр оқулары» облыстық байқауының қалалық білім беру мекемелері арасындағы іріктеу кезеңі өткізілді.
Байқауға 45 қалалық білім беру мекемесінің атынан 120 – ға тарта кәсіподақ мүшесі қатысты.
Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және нығайту, Жерлес ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын педагогтер арасында насихаттауды басты мақсат еткен «Қадыр оқулары» байқауының ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тілеп, өз алғысын білдірді.
Келесі сөз кезегін алған Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев және Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы Нұрлан Саттықов байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіподақтың шығармашыл, дарынды педагогтерге қолдау білдіп жатқандығы туралы өз ойларымен бөлісті.
Байқаудың “Сөзім барда – өзім бар... ” – Қадыр Мырза Әлінің өлеңін жатқа оқу бөлімі бойынша бас жүлдені №41 мектеп – лицейі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Светлана Беккужиева алса, “Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы …” Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған әндерді орындаушылар бөлімі бойынша А.С.Макаренко атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінің, математика пәні мұғалімі Айым Жардемова және “Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім ” Қадыр Мырза Әлінің өлеңін жатқа оқу бөлімі бойынша Серебряково жалпы орта білім беретін мектебінің, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бауыржан Зинешов иеленіп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Әсем ән мен биге ұласқан салтанатты жабылу сәтінен кейін кәсіподақ мүшелері естелік фото суреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
-
Фотографии
-