МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕСІ
Бүгін «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының кеңейтілген кеңесі өтті. Жиында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тәрбия Байымбетова 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді.
Тәрбия Анайбекқызының мәліметінше, бүгінде облыстық кәсіподақтың мүшелігінде 5 аудандық, 2 қалалық және облыстық 37 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Облыстағы білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын ұйымға 31 мыңға жуық педагог мүше.
Кәсіподақ қызметінің басты бағыты – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау. Бұл жұмыстар облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері, оқу орындарының басшылары сынды әлеуметтік әріптестермен бірге атқарылуда.
Осы жылы Маңғыстау облыстық білім саласының 1094 қызметкерінен кәсіподаққа түрлі өтініш түскен. Оның ішінде 1182 мұғалімге заңгерлер тиісті құқықтық кеңес берді. Төтенше жағдай жарияланып, білім саласы жаңаша форматқа көшкен тұста мамандар тәулік бойы мұғалімдер тарапынан түскен сауалдарға жауап берді.
Үздік ұстаздарды ынталандыру мақсатында «Кәсіподақ қолдаушы күш» айдарымен бірнеше мәрте шара ұйымдастырылды. Көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдау көрсетілді. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер, білім беру ұйымдарының мерейтойлары қарсаңында сала майталмандары ескерусіз қалған жоқ.
Өрт жағадайына ұшыраған, жақындары қайтыс болған кәсіподақ мүшелерінің жақындарына да материалдық көмек көрсетілді.
Кәсіподақ төрайымының баяндамасынан соң кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан әлеуметтік әріптестер-білім беру ұйымдарының басшылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтардағы белсенді жұмысы үшін» медалімен, Салалық кәсіподақтың бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары төсбелгілер, Құрмет грамоталарымен және сыйақылармен марапатталды.
Шараға облыстық білім басқармасы басшысының маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Күлбалаева Айтгүл, қалалық білім беру мекемелерінің, колледж басшылары қатысты. Олар әріптестік аясында облыстық кәсіподақпен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Шара барысында «Екі жұлдыз» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталып, байқау жеңімпаздары өз өнерлерін паш етті.
Облыстық білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фотографии
-