ӨНЕР ӨРЕНДЕРІ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Жетібай ауылындағы Жетібай балалар өнер мектебінің басшысы Бекежан Мерей Сүндетқалиұлымен кездесті.
Кездесу барысында Мерей Сүндетқалиұлын Қарақия аудандық маслихат депутаттылығына сайлануымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Бүгінгі таңда «Тәуелсіз ел тірегі – білімді, өнерлі, саналы ұрпақ десек» педагогтардың алдында тұрған өзекті мәселелер – білім, ғылым, өнерді жеткіншек ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттер мен қазақстандық патриотизм сезімдерін сіңіру болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жалпы өнерге баулу, өнер танымын кеңейту мақсатында, және оларға эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға өмірмен өзектес — өнер екендігін ұғындыру мақсатында өнер мектебінде 28 педагог қызметкерден, “Домбыра”, “Көркемөнер”, “Музыка”, “Хореография” бөлімдері бойынша оқушылар дәріс алуда. Мектепте әр түрлі байқаулар, іс – шаралар өткізу барысында оқушыларымыз өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін кеңінен ашуда.
Алматы қаласында бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Халықаралық «Ана туралы жыр» өнер байқауының дәстүрлі ән номинациясы бойынша “Қанаттанған” ансамблі бас жүлде иеленді. Жетекшісі Саурбаев Аманбек Оразбекұлы.
Білім ордасының жаңа буын ұрпақтарын тәрбиелеу және оларға қосымша білім беру саласында атқаратын еңбектері мен жетер жетістіктері, бағындырар белестері әлі алда.
Ұлттық өнер арқылы өскелең ұрпақтың бойына қазақтың дәстүрі мен тұрмысын, адамдық мінезін сіңдіре аламыз. Ата-бабадан мирас болған ұлттық болмыс пен ұлттық өнерді ұмыт қалдырмаудың бір жолы – оны жастарға үйрету.
М.Қаржаубаева,
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымының Қарақия аудандық филиалының төрағасы.
-
Фотографии
-