БАЙҚАУ ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛДЫ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы ҚБ Ақтау қалалық филиалы мектептер арасында «Қауіпсіз және жайлы жұмыс орта қалыптастыру - еңбек саласындағы басты қағида» насихатына плакат байқауы және мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік қауіпсіздік бұрышы - 2023» қалалық байқауы өткізіліп қорытындыланды.
Байқау мақсаттары: ұйымдағы еңбек қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша апаттық жағдайлардан сақтандыру, өндірістік жарақаттануды алдын алу.
Осы мақсатта барлық бастауыш ұйымдары арасында еңбек қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздік шаралары бойынша апталық жұмыс түрлері жоспарланып жүргізілді.
Жұмыс барысында сақтық шараларды сақтау,балалардың өмір қауіпсіздік шаралары және кенеттен болған жағдайда ережеге сай қолдана білу қағидалары бойынша арнайы мамандармен кездесулер ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шараға ұжым қызметкерлері одан әрі де жалғасын таба беруге өз ұсыныстарын білдірді. Байқау 2-кезеңнен ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздары мектеп бойынша 1-орын жүлдегері «Еңбек қауіпсіздігі бәрінен жоғары» тақырыбында №28 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Р.Жанбыршиева, мектепке дейінгі ұйымдар арасында 1-орын жүлдегері №42
«Түймедақ» бөбекжайының тәрбиешісі «Үздік қауіпсіздік бұрышы – 2023» бейнерорлигі бойынша Н.Алмаханбетова иеленді.
Жеңімпаздар қалалық кәсіподақ ұйымы атынан Диплом және сыйлық сертификаттармен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.
Байқау қорытындысында қатысушылар ұйымдастырушыларға нәтижелі, мақсатты жұмыс ұйымдастырғаны үшін өз ризашылықтарын білдірді.
Ұ.Оразова,
Ақтау қаласы, №28 жалпы білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы