ОТАН ҚОРҒАУ – ҚАСТЕРЛІ ҚЫЗМЕТ!
«Ердің ісі еңбегімен көрінер» -демекші, кәсіподақ саласында 30 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шорға ауылындағы «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі КАЛИЕВ ТӨЛЕУХАН МӘДЕНИЕТҰЛЫ.
«Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі Президиумының шешіміне сәйкес «Армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов» медалімен марапатталды, «Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлері» қауымдастығы кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» меделімен марапатталды. Сонымен қатар «Шығыс Қазақстан кәсіподақтарына-100 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Республикалық Кәсіподақтар Федерациясының, облыстық білім беру басқармасының, білім және ғылым қызметкерлерінің жергіліктікәсіподағының құрмет грамоталарымен марапатталған.
Әріптестерінің ортасында сыйлы,жолдастарына адал, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге ат салысады,түзу жолмен жүретін өзіндік орны бар тұлға.
Сыныптан тыс өткізілетін шараларда, әскери патриоттық айлықтарда аудан көлемінде айшықталып келеді. Дала жиыны уақытында жоғары сынып оқушыларын заставаға апарып шекарашылар өмірімен таныстырып қайтады. Жас буынның бойына патриоттық тәрбие беруде алар орны ерекше. Дана халқымыз «Батыры көп елді емес, рухы мықты елді ала алмайсың»- демекші, жас ұрпақ бойына отты рухты сіңіріп келе жатқандығын шәкірттерінің жанарынан байқаймыз. Елдің ертеңгі жалынды жастары-осындай ұстаздардан тәрбиеленіп жатқандығына қуантады.
Төлеухан Мәдениетұлы өз саласының білікті ұстазы ғана емес, бала бойындағы ұшқынды байқап жеке қабілеттеріне шыңдай түсетіндігімен ерекшеленеді. Жас буынға ағалар мынадай болу керек- деп, ауыз толтырып айтатын ісімен үлгі нағыз әскери жетекші маман.
-
Фотографии
-