АЛҚАЛЫ ОРГАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының ХV есеп беру-сайлау науқанында жасақталған Кәсіподақ комитетінің I Пленумы өтті. Алқалы жиынның күн тәртібіне сәйкес Жергілікті кәсіподақ ұйымының төраға орынбасарын сайлау мәселесі алғашқы болып қаралды.
Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков қоғамдық ұйымның Жарғылық құзыретімен берілген құқық бойынша аталған қызметке Біріккен комитет төрағасы Жанболат Орынбековтың кандидатурасын ұсынды. Пленум мүшелерінің білдірген оң пікірі мен өзге ұсыныстар болмағандықтан дауысқа салу нәтижесінде Жанболат Тұңғышбекұлының кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Сонымен бірге, жиын барысында Кәсіподақтың құқықтық инспекциясының жетекшісі болып Әлия Джолшибекова тағайындалды.
Алқалы орган болып табылатын Пленум өз құзыреті шегінде Жергілікті кәсіподақтың Атқару комитетінің құрамын жасақтап, ұйымның 2023 жылғы шығындар сметасына енген өзгерістерді бекітті. Мұнан соң, Жергілікті кәсіподақтың Атқару комитетінің де алғашқы отырысы өтті.
Атқару комитетінде ХV есеп беру-сайлау науқанында барлық деңгейдегі есеп беру-сайлау жиналыстары мен конференцияларында түскен ұсыныстар және сын ескертпелерді жинақтау, сараптау, зерделеу мен жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары кеңінен талқыланды. Мұнан соң Жергілікті кәсіподақ құрылтайшылығындағы «Тараз-Профсоюз-Турист» және «Қорғау-Тараз-2005» ЖШС-нің 2022 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің есептері тыңдалып, бекітілді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы білім және ғылым саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық салалық және Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссияларының құрамындағы кәсіподақ өкілдерін кері шақыру және алмастыру туралы мәселелері қаралды. Сонымен бірге, кәсіподақ мүшелері мен олардың балаларына арналған «Жаз - 2023» маусымдық сауықтыру шараларын ұйымдастыру жұмысы пысықталды.
Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фотографии
-