ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТ ӨКІЛДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК-ТӘЖІРИБЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыру-кадр бөлімінің басшысы Ернар Иманбаев пен құқықтық жұмыс және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы Айдарбек Бектабанов қызметтік іссапармен Атырауда болды.
Сапар мақсаты - Атырау облыстық ұйымына «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» атты дамыту Тұжырымдамасы тұрғысында кәсіподақ активі оқуының тиімділігін артыру жөніндегі жұмысы туралы» мәселесін қарастыру және әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету.
Астаналық әріптестер облыстық және қалалық салалық білім кәсіподағының осы бағыттағы жұмыстарымен кеңірек танысып, тиісті нормативтік құжатардың жасақталуына назар аударды. Өз кезегінде заңгер Айдарбек Бектабанов Атырау қаласы мен Мақат, Исатай, Махамбет аудандарынан келген бірнеше кәсіподақ мүшелерімен қоғамдық қабылдау өткізіп, сауалдарына жауап берді.
Индер ауданындағы болған кездесуде Ш.Уәлиханов, М.Әуезов атындағы орта мектептің және бірнеше бала-бақша бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті. Астаналық қонақтарды Индер аудандық білім беру бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева қабылдап, әлеуметтік әріптестік жағыдайында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарын әңгімеледі.
Кәсіподақтың Орталық комитетінің өкілдері ҚР мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында болып, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер және Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Ұлттық дизайн академиясының академигі Кендір Отарбайдың «Алтын Орда мұрасы» атты жеке шығармашылық көрмесімен танысты.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ
-
Фотографии
-