КҮН ТӘРТІБІНДЕ - КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІ
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы білім беру қызметкерлерінің Ақжар кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Білім беру саласындағы кәсіподақтың алар орны» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты білім беру саласындағы кәсіподақтың рөлін айшықтау, жұмыс бағыттарын айқындау.Семинарға аудан мектептеріндегі және балабақшалардағы бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары қатысты.
Кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Искаков аудандық кәсіподақ тынысы туралы жүріп жатқан жұмыстарын айтып өтті. «Балауса –Балғын» бөбекжайының бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Байноллаева «Балабақшадағы бастауыш кәсіподақ комитетінің жұмыстары», «Жамбыл мектеп- балабақша кешені» КММ бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы К.Акбидаева «Мектеп өміріндегі кәсіподақ», «Абай атындағы орта мектебі» КММ бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Алханова «Мектеп кәсіподақпен бірге» атты іс-тәжірибесімен бөлісті. Облыс көлемінде іс-тәжірибесін таратып жүрген «Б.Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ бастауыш кәсіподақ төрағасы Г.Кабденова «Білім беру саласындағы бастауыш кәсіподақ комитетінің жұмысының негізгі бағыттары» туралы өз іс-тәжірибесін ортаға салды. Бастауыш кәсіподақ төрағасы болып 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп, жинақталған құжаттарын тізбелеп көрсетіп өтті. Жас кәсіподақтар үшін бұл құнды дүниелер екені анық.Семинарға қатысушылардың қорытындылауымен барлық іс-тәжірибесімен бөліскен бастауыш кәсіподақ төрағалары аудандық кәсіподақ ұйымының мадақтамасымен марапатталды.
Кәсіподақ ұйымының рухани және материалдық өзіндік орны бар.Бұл ұйым тағдырлары бір арнада тоғысып жұмыс істеп келе жатқан ұжымдағы қызметкерлердің сан-алуан мәселелерін заң аясында қарап ретке келтіру болып табылады.Еңбек адамының рөлі басты назарда болуы тиіс. Бүгінгі өткен семинар кәсіподақтың алдағы уақытта атқарар жұмыстарын айқындап бергендей.
-
Фотографии
-