КӘСІПОДАҚ – ҚОЛДАУШЫ ҰЙЫМ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қаласындағы №3,7,9,16,20,28 жалпы білім беру мектептерінің бас есепшілері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрайымдарына еңбекақы төлемі бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.Баймбетова, Н.Храмова сауықтыру жәрдемақы төлемі, еңбек демалысы күндерін есептеу және еңбек демалысынан кері шақырту мәселелері бойынша жан-жақты түсінік берді.
Сауалдарға нақты жауаптар нормативтік құжаттарға сүйене отырып берілді.Кәсіподақ көшбасшыларына еңбекақы төлеміне, демалысқа шығатын бұйрықтардың талапқа сай рәсімдеу жолдары бойынша да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кәсіподақтардың қатардағы мүшелеріне заңгерлік көмек көрсетумен қатар, еңбеккерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруда - кәсіподақ ұйымы қолдаушы екені жеткізілді.
Қатысушылар берілген кеңестер мен қолдауға өз ризашылықтарын білдірді.
К.Енсегенова,
Маңғыстау облыстық ұйымының
Ақтау қалалық филиалының төрағасы.
-
Фотографии
-