КӘСІПОДАҚ – ҰЖЫМ ЖАНАШЫРЫ
Кәсіподақ - еңбек адамдарының мұң-мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік-экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым. Елімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарда кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол.
«Еңбек адамына – лайықты өмір», - деген қағида бұл қарапайым еңбек адамына арналған ұран емес, әрбір азаматтың өмір сүру «аксиомасы» болуы тиіс. Осы мақсатта Көкпекті ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеңейтілген жиын өтті.
Жиынған арнайы «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ибраев Сәбит Молдатьянұлы мен құқықтық мәселелер бойынша бас маманы Абдулкаримова Нұргүл Назарбекқызы келді. Аталмыш жиынға Көкпекті ауданының білім бөліміне қарасты мекеме басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, мекеме есепшілері, мектеп автокөлігін жүргізушілері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «Абай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Семей аймақтық ұйымы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы КЕЛІСІМ, Педагог статусы, Білім туралы заңның орындалуы туралы түсініктеме берілді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауап алды.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Көкпеті аудандық комитеті» филиалы
-
Фотографии
-