«ӨНЕРМЕН ҰШТАСҚАН ӨМІРІ»
Осы қанатты сөз бүгінгі біздің кейіпкеріміздің болмысын аша түскендей. Бала бойына біткен дара өнер Шоқановтар әулетінің кез келгенінде бар. Әулеттің ішіндегі шоқтығы биік өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп келе жатқан ШОҚАНОВ ӘЛІБЕК ТӨКЕНҰЛЫ.
Әлібек Төкенұлы Абай атындағы Алматы университеті (қазір Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) көркемсурет-графика факультетін бітірген соң еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қаласындағы №3 кәсіптік білім беру лицейінде көркемсурет шебері болып бастады, кейін Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Қ. Билялов атындағы гимназия интернаты» КММ бейнелеу өнері пәні мұғалімі, 2007-2009 жылдары аралығында Тарбағатай аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы болып жұмыс атқарды. 2009-2012 жылдары музыка мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2012 жылдан аудан әкімінің қаулысымен ашылған Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы бойынша «Балалар өнер мектебі» КММ директоры лауазымын атқарып келеді.
Қазіргі күні Әлібек Төкенұлы өзі басқарып келе жатқан Балалар өнер мектебін абыройын асқақтатып атағын Республика, облысқа шығарып жүр.
Атап айтар болсақ 200-ден аса жас суретшілер білім алып, жетістіктерге қол жеткізуде. 2020 жылы Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығында өткен Қазақстанның жас таланттары атты жаңа жылдық танымдық бағдарламасында Үздік суретші номинациясы Нұрланова Жансая иеленді. 2020 жылы «Абайдың 150 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған облыстық Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы музейіне Айдарбек Ақбота жұмыстарынан көрме қойылды. ШҚО мәдениет басқармасының «А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ «Менің алғашқы Президентім» байқауында бірінші орын алған Бертаева Сабина, «Жұлдызды қолтаңба» Республикалық байқауында бас жүлде алған Макижанова Айғаным, «Өнеге» республикалық байқауында «Менің ауылым» тақырыбында бас жүлде алған Қойролдина Дилназ марапаттарға ие болды.
Әлібек Төкенұлы 1997 жылдан бері әртүрлі деңгейдегі көрмелерге қатысқан. 2004 жылы Өнер музейінде алғашқы жеке көрмесі ұйымдастырылды. Суретшінің Астана, Семей, Петропавловск қалаларында жеке көрмелері өтті. 2004 жылдың маусым айында Абайдың дүниеден өткеніне 100 жыл толуына орай өткізілген Семей қаласындағы «Еске алу күндері» атты бейнелеу өнері көрмесінде «Қараңғы түнде тау қалғып» атты картинасында Абай бейнесін сомдап III орынды иеленіп, еңбектері жоғары бағаланды. 2003 жылы аудандық деңгейде «Туған жер – алтын бесік», 2004 жылдың қараша айында облыстық деңгейде Шығыс Қазақстан Өнер музейінде өткізген «Туған жер – алтын бесік» атты жеке шығармашылық көрмесі мамандар тарапынан өте жоғары бағаланды. Әлібек Төкенұлының көрмеге қойылған 40-тан астам туындысы арасынан Абай шығармаларына жазылған «Жаз»,«Күз», «Қыс», «Көктем» композициялары, «Абай портреті», «Көксерек », «Жетіарал көрінісі» атты картиналары Шығыс Қазақстан Өнер музейінің қорына алынды. 2006 жылы қыркүйек айында Семей қаласында Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде Әлібек Төкенұлының «Тарбағатай әуендері» атты жеке шығармашылық көрмесі облыстық мәдениет басқармасының жоспарына сай болып өтті. Көрмеге Тарбағатайдың табиғат әлемін бейнелейтін 30-дан астам суреті қойылды. Суретшінің жанрлық репертуары кең де жан-жақты екендігін өз көздерімен көрген көпшілік ризашылығын білдірді. 2016 жылы Шығыс Қазақстан Өнер музейінде «Туған ауыл түтіні» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды. 2010 жылдың сәуірінде облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен Беларусь Республикасына барып 11 мемлекет қатысқан (Россия, Украина, Молдовия, Болгария, Сербия, Израиль, Австрия, Польша, Армения) XV Халықаралық Суретшілердің пленэріне облысымыздың атынан қатысып, жоғарғы нәтиже көрсетіп қайтты.
Әлібек Төкенұлы адал еңбегі үшін басшылық, білім мен мәдениет ұйымдары, халық тарапынан түрлі марапаттарға ие болды. Мәселен, 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері туындыларының облыстық байқауында ІІІ дәрежелі Дипломның иегері. 2014 жылы аудандық «Толағай» жастар бірлестігінің «Құрмет» орденімен, 2015 жылы білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін Облыс әкімінің Алғыс хатымен, 2020 жылы «Шығыс Қазақстан кәсіподақтарына – 100 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен және басқада көптеген марапаттар иегері.
Әлібек Төкенұлы Шоқанов 2005 жылдан бері ҚР Суретшілер одағының мүшесі. 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыс мұғалімдерінің «Даңқ кітабына» есімі енгізілді.
Әлібек Төкенұлы Шоқановтың кандидатурасы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік және ведомстволық наградаларына ұсынылатын құжаттарды қарау жөніндегі комиссия отырысында (2023 жылғы 23 ақпандағы №3 хаттама) талқыланып «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ұсынылған.
Өнермен біте қайнасқан өмірі күш жігер беріп қанаттандыра түскен.
Өнер саласындағы 25 жылдан асқан еңбегі, өзіндік бағасын алып жатқандай. Еңбек адамының адал еңбегі, өз арнасын тапқандай.
Жандүниесіндегі тұнықтық әр туындысынан аңғарылып тұрғандай.
Мөлдір кәусар бұлақ болып туындылары әлі талайды тамсандыра түсетіндігіне сенімдіміз.