МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҰСТАЗДАР ШИПАЖАЙЛАРДА ДЕМАЛАДЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы осы салада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп жүрген мұғалжарлық 100-ге жуық кәсіподақ мүшесінің жазғы уақытта шипажайларда тегін демалуына мүмкіндік жасады. Олардың арасында педагогтермен қатар, біліктілігі жоқ техникалық қызметкерлер де бар.
Қазіргі таңда жазғы демалыс кезінде Мұғалжар ауданы бойынша Сарыағаш қаласындағы «Айша бибі» шипажайында 40 кәсіподақ мүшесі демалса, Алға ауданындағы «Шипагер» емдеу-сауықтыру орталығында 20 кәсіподақ мүшесі ем қабылдап келді.
Демалыс барысында ауруға ем, сауға қуат беретін емдік-сауықтыру шаралары: ас қорыту, қан айналымы ағзаларын, эндокриндік жүйе, аяқ, қол, буын, жүйке жүйесі ауруларына ем қабылдады. Сонымен қатар, демалушылар үстел теннисі ойындары, спорттық тренажерларда жаттығулар жасап, шипажай аумағында таза ауада серуендеді.
Айта кетейік, алдағы уақытта мұғалжарлық 40-қа жуық ұстаз бен кіші қызметкерлер Ақмола облысындағы "Щучинский", Алға ауданындағы «Шипагер», Жамбыл облысындағы «Меркі» шипажайларында да ем қабылдап, денсаулықтарын нығайтатын болады.
-
Фотографии
-