МӘРТӨК ҰСТАЗДАРЫНЫҢ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНДЫ
Білім саласы қызметкерлерінің мүддесін қорғау үнемі кәсіподақ назарында. Бала бағбаны атанған ұстаздардың әлеуметтік мәселелерін шешу күн тәртібінен түспейді. Мұғалім еңбегін бағалап, оларды жан-жақты көтермелеу – негізгі бағыт.
Мұндай мүмкіндік Кқтөбе облысы, Мәртөк ауданының педагогтарына да жасалып отыр. Он бестен астам педагог жазғы демалысты Түркістан облысының «Айша-бибі», Алға қаласындағы «Шипагер» шипажайларында өткізді.
Емдеу-сауықтыру шараларынан білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін кіші қызметкерлер де тыс қалмады. Шілде, тамыз айларында тағы бір ұстаздар легі Жамбыл облысындағы «Мерке», Қостанай облысындағы «Сосновый бор» емдеу-сауықтыру орталықтарында тынығып, денсаулықтарын нығайтып қайтпақшы.
Айта кетейік, шипажайда тұратын демалушылар үшін диеталық тағамды қосқанда бес мезгіл тамақтану ұйымдастырылған. Сонымен қатар, шипажайда физиотерапия, фитотерапия, емдік массаж, гидроколонотерапия, пант және селен ванналары, массаж және тағы да басқа қызметтер бар. Демалыс орындарында кәсіподақ мүшелерінің бос уақытының пайдалы, әрі көңілді өтуіне ерекше назар аударылады. Шипажайда түрлі спорттық сайыстар, өнер байқаулары, ойындар ұйымдастырылады.
-
Фотографии
-