АЛҒА АУДАНЫНЫҢ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ ЖАСАЛДЫ
Жыл сайын білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып, ауданның мерейін асырып жүрген кәсіподақ мүшелеріне шипажайларда демалуға сертификаттар табысталады. Осы орайда жазғы демалыс кезінде Алға ауданы бойынша 90-нан атам кәсіподақ мүшесі денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда педагогтер мен кіші қызметкерлер, кітапханашылар «Айша бибі», «Көктерек», «Шипагер», «Мерке», «Түркістан», «Щучинск», «Сосновый бор» және «Манкент» шипажайларында демалуда. Мұнда ұстаздар дәрігерлердің тағайындауымен әртүрлі емдік процедураларды қабылдап, қаланың көрікті жерлерін аралап, бос уақыттарын тиімді өткізуде.
Сондай-ақ, педагогтар арасында өткен шығармашылық байқаулар мен спорттық додаларда топ жарып, жеңіске жеткен ұстаздар Алматы облысындағы «Денсаулық» шипажайында демалып жатыр. Алатау бөктерінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталығында демалушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Аталған шипажайлар заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Кәсіподақ мүшелері күнделікті түрлі дертке шипа болатын ем-дом қабылдап, табиғат аясында серуендейді.
Айта кетейік, Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы әр адамның басты құндылығы - денсаулықты нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отырады
-
Фотографии
-