ҚОБДАДА ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Ақтөбе облысы, Қобда ауданының ұстаздары оқу жылын ойдағыдай аяқтап, еңбек демалысын тиімді өткізуде. Жазғы демалыс кезінде Қобда ауданы бойынша 60-қа жуық кәсіподақ мүшесі денсаулықтарын нығайтуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда педагогтар мен кіші қызметкерлер, кітапханашылар «Бурабай», «Сосновый бор», «Сарыағаш», «Шипагер» және «Мерке» шипажайларында демалуда.
Сондай-ақ, 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік деп танылған 17 аудан ұстазы киелі Түркістан қаласына саяхатқа барды. Ұстаздар тарихи-мәдени орындарды аралап, танымдарын кеңейтіп, рухани демалып қайтты.
Педагогтардың денсаулығын нығайту мақсатында кәсіподақ ұйымы жыл бойы жемісті еңбек еткен ұстаздарға шипажайға жолдама берген болатын.
Айта кетейік, шипажайларда суы таза табиғи күйінде 16 түрлі емге қолданылады. Ішу, тіс ұяларын, тоқ ішекті шаю, асқазанды жуу, тік ішекті тазалап, әртүрлі емдік клизмалар жасау, дуоденалды түтікшелеу (зондтау), минералды ванналар, су астында сумен массаж, циркулярлы душ сияқты емдеудің арнайы түрлері бар.
-
Фотографии
-