КӘСІПОДАҚТЫҢ КӨМЕГІ ТИДІ
Биылғы жылдың сәуір айының 7 күні Атырау қалалық сотында ұстаз Дюшева Бақытгүлдің Атырау қалалық білім басқармасына қарасты «№ 15 Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебіне» берген талап арызы қаралды. Оған арыз иесінің адвокатының ұсынысымен үшінші тарап ретінде «Атырау облысы білім және ғылым қызмектерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі қатысты.
Облыстық салалық ұйым заңгері талап арыз иесіне заң аясында тиісті көмек беріп, мектеп әкімшілігінің орындаған сағат жүктемелеріне тиісті ақысын, еңбек демалысына төленетін және сауықтыру жәрдемақасын алуына құқықтық көмек көрсетті. Сот шешімі бойынша №15 Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебі мұғалім Б.Дюшеваға 424 781 теңге қаражатын төлеуге міндеттелді.
14 маусым күні облыстық соттың қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Облыстық салалық кәсіподақ ұйымына ризашылдығын білдірген ұстаз кәсіподақ ұйымының қатарына мүшелікке өтті.
«Атырау облысы білім және ғылым қызмектерлері кәсіптік одағы» ҚБ