ХРОМТАУ ҰСТАЗДАРЫ ШИПАЖАЙЛАРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданының 60-қа жуық педагогы жазғы демалыстарын “Мерке”, "Шипагер", “Жансая" шипажайында өткізуде. Олардың арасында кіші қызметкерлер мен тәрбиешілер де бар.
Демалыстағы кәсіподақ мүшелері: “Бұл аймақтың ауа-райының өзі емге шипа, тауы, тасы, сылдырап аққан бұлақтары, бәрі-бәрі күнделікті күйбең тіршілікті ұмыттырып, бойға керемет қуаныш сезімі мен қуат берді. Шипажайдағы қызмет сапасы мен емі де ауыз толтырып мақтауға тұрарлық. Ілтипатпен көрсеткен қызметтері тіптен керемет!
Ең бастысы - осындай жазғы демалыс уақытына саптастырып, тегін демалуға мүмкіндік жасап, керемет көңіл-күй сыйлаған білім кәсіподағына зор алғыс білдіреміз”- деген ізгі тілегін жолдапты.
Айта кетейік, мұндағы шипажайлардың басты ерекшелігі - балшықпен емдеу. Бұл емдік балшық әртүрлі биологиялық белсенді заттармен байытылған. Оның құрамында ферменттер, витаминдер, гормонға ұқсас заттар және пайдалы микрофлора бар.
Тау бөктерінің сұлулығы мен таза ауасы ұлағатты ұстаздарымыздың денсаулығын нығайтып, жанын жадыратып, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті деп сенеміз.
-
Фотографии
-