СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Тамыз айының үшінші жексенбісі – «Спорт» күні. Аталған мереке 2003 жылдан бері аталып келеді. Құрамындағы спорттық мекемелердің қызметкерлерін құттықтау мақсатында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі салтанатты қабылдау ұйымдастырды.
Дәстүрге айналған шараға спорт саласының ардагерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, жаттықтырушылар мен оқытушылар шақырылды.
Шараны облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов жүргізіп, барша спортшыларды төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Спорт саласында белсенділік танытып, тыңбай еңбектеніп жүрген кәсіподақ мүшелерінің жетістіктерін атап, жаттықтырушыларға алдағы уақытта елдің мерейін асырып, даңқын шығару жолында шеберліктері мен күштерін, тәжірибелерін жұмсайды деген сенімін білдірді.
Шара барысында сала ардагерлері Равиль Хамитов, Әсия Шалабаева тәжірбиелерімен бөлісіп, облыс көлемінде спорттық инфрақұрылымдар жаңғыртылып, жаңа спорт кешендері мен алаңдары салынып жатқанын айтты. Елді мекендерде жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттауға барынша жағдай жасалғанын жеткізді.
Спорттың адам өміріндегі маңызды тұстарына тоқталып, білікті мамандардың арқасында спорт саласына жан бітіп, тамырына қан тарағанын жеткізіп, ел үмітін ақтайтын шәкірттердің көп болуын тіледі.
Салтанатты қабылдауда жаттықтырушылар және бастауыш ұйымның төрағаларының еңбегі еленіп, облыстық кәсіподақтың Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары, гүл шоқтары табыс етілді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қазметі
-
Фотографии
-