МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» ҰРАНЫМЕН ӨТУДЕ
2023 жылдың тамыз айында Солтүстік Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымы тарапынан «Мектепке жол – Жақсылық жаса» ұранымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шараға облыстың барлық білім беру ұйымдары қатысты.
560 білім беру ұйымынан көпбалалы және материалдық жағдайлары төмен кәсіподақ ұйымының мүшелері анықталып, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі және аудандық, қалалық комитеттері филиалдары тарапынан, осы күнге, оларға қайырымдылық көмек көрсетіліп - 600 ден астам баланың мектепке дайындалуына қаржы бөлінді.
Салалық кәсіподақтың Орталық комитетінің демеуімен 14 бала қажетті заттарын алды. Облыстық ұйымның есебінен 14 бала мектепке дайындалды.
Петропавл қаласы және аудан ұстаздары және көмек алып отырған жанұялар, қайырымдылық көмек қолын созып, үнемі қолдау мен қамқорлық танытып отырған, Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымына оның аудандық филиалдарына үлкен алғыстарын білдірді.
Болашақ, білімді жастар қолында. Білімділігімен қоса рухани дамыған, еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын ойы озық жастардың саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу - ортақ міндет. Бұл іс- шара жыл бойы жалғасын табуда.