МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: МАҢҒЫСТАУДА МҰҚТАЖ БАЛАЛАРҒА КӘСІПОДАҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы және Қарақия аудандық филиалдары «Жақсылық жолымен!» ұранымен білім беру ұйымдарында қызмет ететін әлеуметтік осал тобына жататын қызметкерлердің балаларына науқан ұйымдастырды.
Акциясы барысында 150 астам балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Шараға қатысушылар кәсіподақ ұйымы атына алғыстарын айтып, жұмыстарына табыс тіледі.