АРДАГЕРЛЕР МЕН ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
Күні кеше Ақтөбе облысының аудандарында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында тамыз конференциясының пленарлық кеңесі өтті.
Кеңесте білім беру ұйымдарының педагогтері мен ардагер ұстаздары, аудан әкімшілігінің өкілдері басқосты.
Жиында аудандық білім бөлімінің басшылары өткен оқу жылына қорытынды жасап, жаңа оқу жылының ерекшеліктерін атап өтті.
Сондай-ақ, шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы білім беру саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен бірқатар педагогтерге облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасын табыстады.
Сонымен қатар кеңесте аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағалары да ұзақ жылдар бойы білім саласына елеулі үлес қосқан зейнеткер ұстаздарға аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хатын табыстап, ақшалай сыйақымен марапаттады.
Пленарлық кеңестің қарары қабылданып, шара соңы мерекелік концертке ұласты.
-
Фотографии
-