МЕКТЕПКЕ ЖОЛ: ШҚО ҰЙЫМЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ НАУҚАНЫНА ҚАТЫСТЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында ШҚО жергілікті кәсіподағы «Жақсылық жаса» ұранымен өтетін «Мектепке жол-2023» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.
Акция аясында Қазақстандық салалық кәсіподағы бөлген 250 мың теңгеге кеңсе тауарлары мен оқу құралдары сатып алынып, кәсіподақта мүшелікте бар 16 жетім жас маманға, сондай-ақ ШҚО мектепке дейінгі ұйымдары мен мектептерінде еңбек жолын бастаған ЖОО мен колледж 60 түлектеріне таратылды.
ШҚО жергілікті кәсіподағымен 3 млн. 545 мың 500 теңге бөлінді.
250 мың теңгеге тікелей қызмет көрсететін бастауыш кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік осал отбасыларының балаларына мектепке керек-жарақтары сатып алынды. Сондай-ақ, жергілікті кәсіподақ тарапынан демеушілерді тарту арқылы тауарларды 50% - ға арзандату жолымен 270 рюкзак алынып барлығы 1 млн.795 мың 500 теңге сомасына және осы арзандату жолымен аудандық, қалалық және кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары үшін
1 млн. 500 мың теңге сомасына 216 мектеп киімі алынып, таратылды.
Сонымен қатар, аудандық және қалалық кәсіподақ ұйымдары да кәсіподақ мүшелерінің балаларына рюкзактар, кеңсе керек-жарақтарын сатып алып, бірінші сынып оқушыларына кеңсе тауарларын алу үшін сертификаттар ресімделді, облыстың 11 филиалы 4 млн. 367 мың 040 теңге бөліп, 550 бала қамтыды.
ШҚО жергілікті кәсіподағына тікелей қызмет көрсететін бастауыш кәсіподақ ұйымдары да шетте қалмады, олар 242 мың 260 теңге сомасына 43 бала қамтыды.
Барлығы ШҚО жергілікті кәсіподақ бойынша 1109 бала қамтылып, жалпы сомасы 8 млн.154 мың 800 теңге құрады.
Алдағы оқу жылына балаларды қолдауды «Мектепке жол» акциясы бойынша аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарынан, демеушілерден 30 қыркүйекке дейін өз жалғасын табады деп үміттенеміз.