ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ҚОЛДАНЫСТА!
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Қ.Сайранов білім бөлімінің кеңейтілген кеңесіне қатысты.
Аталған кеңеске аудан әкімі, білім бөлімінің басшысы, мектеп басшылары мен оқу ісі жөніндегі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, балабақша меңгерушілері, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
Кәсіподақ төрағасы өз сөзінде сағаттардың дұрыс бөлінуін, еңбек даулары, педогогикалық этиканы қарайтын комиссия, әлеуметтік серіктестік туралы мәселелерді атап өтті.
Кеңесте өткен оқу жылын қорытындылап, 2023-24 оқу жылына білім беру мекемелерінің дайындығы туралы айтылып, сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.