БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Маңғыстау облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелері үшін 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімде көзделген қосымша артықшылықтар» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Күн тәртібінде алғашқы болып сөз алған Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы құқықтық қызметтері жөніндегі заңгері Н.С.Храмова білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда облыстық келісімде көрсетілген жаңалықтармен таныстырды.
Семинар барысында Т.А.Баймбетова Келісім білім беру ұйымдарына, жұмыс берушілерге, кәсіподақ мүшелері болып табылатын жұмысшыларға, сондай-ақ оларға қосылған тұлғаларға қатыстылығын және «Қазақстандық салалық білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ жарғысына сүйеніп жұмыс істеуді ерекше назарға алуды ұсынды.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық кәсіподақ ұйымы филиалы
-
Фотографии
-